Бокс

Фьюри мен Джошуаның командалары біріккен жекпе-жек туралы келіссөздер бастады

Фьюри мен Джошуаның командалары біріккен жекпе-жек туралы келіссөздер бастады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан ауыр салмақтағы әлем чемпиондары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуаның командалары біріккен жекпе-жек туралы келіссөздерді бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN хабарлайды. Басылым кездесу Сауд Арабиясында болуы мүмкін деп мәлімдейді. Еске сала кетейік, Фьюри WBC бойынша әлем чемпионы, ал Джошуа - WBA (Super), IBF, WBO және IBO белбеулерінің иегері.

31 жастағы Фьюри соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың ақпан айында өткізіп, Деонтей Уайлдерді нокаутпен жеңді. Жалпы алғанда, ол кәсіпқой бокста 30 жеңіс пен бір тең нәтижеге ие. 30 жастағы Джошуа соңғы рет 2019 жылы желтоқсанда Энди Руизден белбеуін қайтарып алды. Оның 23 жеңісі және бір жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер