ММА

МакГрегор Дублиндегі балалар ауруханасына қайырымдылық жасады

МакГрегор Дублиндегі балалар ауруханасына қайырымдылық жасады
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесіндегі UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор коронавирус пандемиясымен күреске өз үлесін қосуды одан әрі жалғастырды. Атап айтқанда, ирландиялық Дублиндегі ең ірі балалар ауруханасына дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын сыйға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпараттты МакГрегордың Instagram желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Дереккөздерге сәйкес, Конор жеткізген тауарлардың ішінде - 11 мың маска, 50 мың жұп қолғап және 2000 визор бар.

Конор МакГрегор коронавирус пандемиясының алғашқы күндерінен бастап қауіпті аурудың таралуына қарсы күрес процесіне белсенді қатысып жүр. Сонымен, ол Ирландия үкіметіме 1 миллион еуро көлемінде қайырымдылық көмек көрсетуге келісті, сонымен қатар Конор отандастарына карантинді сақтауға шақыратын бірнеше жігерлендіретін бейнероликтер жолдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер