Әлем футболы

АПЛ маусымы 12 маусымда бейтарап алаңдарда қайта жалғасуы мүмкін

АПЛ маусымы 12 маусымда бейтарап алаңдарда қайта жалғасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 1 мамырда Англия Премьер-лигасының жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Клубтар коронавирус пандемиясы кесірінен тоқтап қалған маусымды қалпына келтірудің нұсқаларын талқылады.

Ресми пресс-релизде ойыншылардың, жаттықтырушылардың, менеджерлердің, клуб қызметкерлері мен жанкүйерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі басты басымдық болып қала беретіні атап өтілген. Әзірге ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, дегенмен клубтар маусымды толық аяқтауды көздейді.

Сонымен бірге, The Sun порталы клубтар, егер үкімет рұқсат берсе, 12 маусымда маусымды қайта бастауға дайын деп мәлім етті.

Ойыншылар жаттығуларын 18 мамырда бастайды деп күтіліп отыр, ал ойындар тығыз кесте бойынша бейтарап стадиондарда өтеді.

Клубтың келесі отырысы 8 мамырдаөтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер