Әлем футболы

Гари Невилл АПЛ-дың қалған матчтарын басқа елде өткізуді ұсынды

Гари Невилл АПЛ-дың қалған матчтарын басқа елде өткізуді ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» футбол клубының бұрынғы ойыншысы және қазір сарапшы Гари Невилл Англия чемпионатын коронавирус пандемиясына байланысты басқа елде ойнау керек деп санайды.

«Егер лига шынымен қауіпсіз жағдайдағы ойынға оралғысы келсе, онда матчтарды басқа елдерге ауыстыруға болады. Бұл жағдайда футболшылар, жаттықтырушылар, клуб қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары екі апта бойы карантинде отырып, содан кейін ғана індет қаупі сейілген аймаққа аттанулары керек. Еуропада мұндай бірнеше орын бар. Қазір Ұлыбританияда қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынына сенімді емеспін», - деді Невилл Fooball Show-да сөйлеген сөзінде.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ұлыбританияда коронавирус инфекциясын 171253 адам жұқтырған.

АПЛ-дың 2019/2020 маусымы 29-турдан кейін тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер