«Қайсар» ойыншыларының жалақысы 40 пайызға төмендейді

«Қайсар» ойыншыларының жалақысы 40 пайызға төмендейді
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының басшылығы ойыншылардың жалақысын тағы төмендетуге шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

Бұрын клуб ойыншылардың жалақысын 10 пайызға төмендеткен болса, енді ойыншылардың жалақысын тағы 30 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр. Осылайша, «Қайсар» футболшылары табысының 40%-ын жоғалтады. Сонымен қатар, клуб басшылығы жалақыны 40 пайызға төмендету шешімін 2020 жылдың соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Егер мұндай ұзақ мерзімге жалақыны төмендетуге келіспеген ойыншы болса, клуб келісімшартты біржақты түрде бұзады.

Бұлай болғанда «Тобылдан» жалға алған қорғаушы Александр Марочкин мен жартылай қорғаушы Максим Федин Қостанайға қайтады. Онда «Тобыл» қызылордалық клубты сотқа беруге мәжбүр болады. Себебі, «Қайсар» жалға алған мерзімде ойыншылардың жалақысын толық төлеуге міндетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер