Басқа

Қазіргі бессайыстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі бекітілді

Қазіргі бессайыстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі бекітілді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) 2020 жылғы Токио Олимпиадасына арналған жаңартылған іріктеу жүйесін жариялады.

Қайта қаралған құжат бойынша, 2021 жылы Минскіде өтетін әлем чемпионатында автоматты түрде іріктеу бәсекесі жүзеге асырылады.

2021 жылдың 7-13 маусымы аралығында Беларусь астанасында өтетін әлемдік сында әр жыныс өкіліне үш орынға дейін квота беріліп, кейін қазіргі бессайыстан олимпиадалық рейтинг түзіледі.

Іріктеу жүйесі қарастырылған өзге де жарыстардың өту мерзімі мен кестесі 2020 жылдың мамырында анықталады. Сондай-ақ, әлем кубогінің барлық кезеңінде жинаған ұпайлар олимпиадалық рейтингке енеді және осыған дейін жолдама алған спортшылардың лицензиясы сақталады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер