Басқа

BWF Томас және Убер кубогының финалын қазан айына қалдырды

news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бадминтон федерациясы Томас және Убер кубогінің финалдық кезеңдерін кейінге шегерді.

Дания үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты тамыз айының соңына дейін елдегі барлық жарысты тоқтатқан. Соның ішінде бадминтоннан әлемдік дода да енген.

BWF мен Дания бадминтон федерациясының бірлескен шешімімен жарыстың өткізілу уақыты қазан айына қалдырылды. 3-11 қазан күндері Орхуста командалық жарыстар өтеді. Айта кетерлігі, аталған турнир әуелі 16-24 мамыр күндеріне жоспарланған болатын.

Одан кейін 15-23 тамызға шегерілді. Коронавирус падемиясына қатысты Данияда ірі жарыстар өткізілмейтініне байланысты жарыстың уақыты тағы да өзгертілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер