Әлем футболы

Роналду Италияға кім үшін оралғысы келмейді

Роналду Италияға кім үшін оралғысы келмейді
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентустің» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду БАҚ-қа өзінің командаласы Пауло Дибаланың коронавирусқа тапсырған төртінші сынамасы да оң нәтиже көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Corriere dello Sport жазды. Басылымның мәліметінше, Роналду Италияға оралмау үшін және коронавирус инфекциясын жұқтырудан қауіптеніп осылай етуге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта португалиялық футболшы Мадейра аралындағы вилласында оқшауланып отыр. Ал «Ювентус» клубы өз ойыншыларын Италияға оралуға шақырды, өйткені 18 мамырдан бастап клуб жаттығуларын қайта бастауы мүмкін.

Айта кетелік, осы маусымда 35 жастағы Роналду барлық турнирлерде «Ювентус» сапында 32 матч өткізіп, 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал 26 жастағы Дибала 34 ойында 13 гол соқты, сонымен қатар 12 нәтижелі пас авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер