«Алматыға міндетті түрде барамын». Аршавин Қазақстанға қашан келетінін айтты

«Алматыға міндетті түрде барамын». Аршавин Қазақстанға қашан келетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» экс-жұлдызы Андрей Аршавин Instagram желісіндегі тікелей эфирде Александр Кержаковтың оңтүстік астанаға бару туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен қаланы бронетранспортерлердің қоршап тұрғанын білемін. Қазір алып тастады ма, жоқ па білмеймін, бірақ жақында жігіттермен сөйлестім. Қалаға кіру мүмкін емес, бәрі қатаң. Мен, әрине, Алматыға барғым келеді және олар чемпион болғанда міндетті түрде барамын. Қайрат Советайұлы Боранбаев мені мерекеге шақырса, қуана-қуана барамын. Мүмкін биыл барып қалармын, чемпионат енді басталды ғой», - дейді Аршавин.

Еске салайық, Андрей Аршавин «Қайратта» 2016 жылдан 2018 жылға дейін ойнаған. Осы кезеңде ол 108 матч өткізіп, 30 гол соқты. Клуб құрамында екі рет Қазақстан Кубогын және бір рет ел Суперкубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер