Бокс

«Биыл екі рет жұдырықтасады». Эдди Хирннің Головкин мен Альвареске қатысты жоспары қандай

«Биыл екі рет жұдырықтасады». Эдди Хирннің Головкин мен Альвареске қатысты жоспары қандай
news-banner7
mobile-news-top

DAZN стримингтік сервисінің сарапшысы Крис Мэнникстің айтуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутерлерінің бірі Эдди Хирн Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің тамыз-қыркүйек айларында аралық жекпе-жектер өткізгенін, ал желтоқсанда екеуінің кездесуін дұрыс санайды, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingnews24.com порталына сілтеме жасап.

Хирннің жоспарынша, «Канело» орта салмақтағы екінші матчта британиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек өткізуге тиіс. Себебі мексикалық осы дивизионда WBA Regular белбеуінің чемпионы, ал Сондерс WBO бойынша әлем чемпионы. Головкин орта салмақтағы IBF әлем чемпионының белбеуін Камила Шереметке қарсы қорғауы керек.

«Былайша айқанда, Эдди Хирн жыл соңына дейін «Канело» мен GGG екеуін рингке қайтарудың ықтимал жоспарын ойластырып оыр. Оның ойынша, Головкин Шереметамен, «Канело» Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектер тамыз-қыркүйек айларында өуге тиіс, ал осы кездесулердің жеңімпаздары желтоқсанда төбелеседі», - деді Мэнникс.

Фото: eurosport.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер