Бокс

2021 жылғы әлем чемпионаты қайда өтеді?

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан ерлер арасындағы 2021 жылғы әлем біріншілігі Сербия астанасы - Белград қаласында өткізілетін болды.

Әлем чемпионаты 2021 жылы Үндістан астанасы - Нью-Дели қаласында өтетін болып шешілген еді. Алайда бұл қала өкілдері AIBA алдында қаржылық міндетін орындай алмады.

Нәтижесінде оларға 500 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Белград өз тарихында екінші мәрте әлем чемпионатын қабылдайды.

Бұдан бұрын дүбірлі дода 1978 жылы аталған қалада өткізілді. 2021 жылы қыздар арасында да әлем чемпионаты ұйымдастырылады. AIBA бұл туралы шешімді кейінірек қабылдайды.

2019 жылы Қазақстан әлем чемпионатынан алты медаль алып қайтты. Бір алтын, бір күміс, төрт медаль олжалаған құрамамыз жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Алғашқы екі орынға Өзбекстан және Ресей құрамалары өзара бөлісті.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер