Басқа

Токиодағы Олимпиада ойындары мүлде өтпей қалуы мүмкін

Токиодағы Олимпиада ойындары мүлде өтпей қалуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Есиро Мори Олимпиада ойындары мүлде өтпей қалуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлай Prosports.kz ресейлік Sports.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

«Олимпиада ойындары 2022 жылға шегерілмейді. Ондай жағдайда Олимпиада ойындарын мүлде өткізбейміз.

Бұрындары Олимпиаданы соғыс кесірінен өткізбеген. Қазір біз көзге көрінбейтін жаумен алысудамыз. Егер біз коронавирусты жеңіп, Олимпиада ойындарын өткізетін болсақ, онда Токиодағы Олимпиада ойындары бұрынғылардан ерекше есте қалатын еді»,- деді Мори.

Естеріңізге салатын болсақ, Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілген болатын.

Қазіргі кезде әлем бойынша 2,7 миллион адам вирус жұқтырып, 191 мың адамдай көз жұмған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер