Басқа

Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде әлем құрамасы сапында ойнайды

Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде әлем құрамасы сапында ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) мәліметінше, қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 5-10 мамырда өтетін FIDE Chess.com Online Nations кубогына қатысу үшін «Қалған әлем командасы» құрамына енгізілді.

Сондай-ақ команда құрамына Теймур Раджабов (Әзербайжан), Алиреза Фируджа (Иран), Бассем Амин (Мысыр), Мария Музычук (Украина), Хорхе Кори (Перу) де кірді. ФИДЕ басшысы Андрей Дворкович - команда капитаны. Сонымен бірге турнирге АҚШ, Ресей, Еуропа, Қытай және Үндістан командалары қатысады.

Еске сала кетсек, жиырма үш жастағы Динара Сәдуақасова Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. Елордалық шахматшы сонымен қатар 2019 жылы Азия чемпионы, беделді Grand Swiss жеңімпазы, сондай-ақ 2500 ELO белгісінен өткен алғашқы қазақстандық шахматшы.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер