Басқа

Дмитрий Баландин америкалық бапкермен жаттығуы туралы айтты

Дмитрий Баландин америкалық бапкермен жаттығуы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасынының жолдама иегері Дмитрий Баландин #ҮйдемізTeamKZ жобасында қонақта болды. Ұлттық Олимпиадалық комитетінің арнайы жобасының тікелей эфирінде спортшы осы уақытқа дейінгі кезеңді қорытындылап, естелігін бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Осыдан тура бір жыл командамен бірге Лос-Анжелеске әлемге әйгілі жаттықтырушы Дэйв Саломен жаттығу жасауға мүмкіндік алдық. Ол осы уақытқа дейін бірнеше чемпионды дайындап шығарды. Бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, командамен Олимпиадаға дайындық бағдарламасы бойынша бірге жұмыс істедік.

Бәрі өте керемет болды. Барлығының жаттығуға, жағдайға және нәтижеге көңілі толды. Алайда, қазіргі таңда бұл жоба аяқталмай қалды. Осыдан кейін жаттығуға қалай кірісетінімізді ойластырамыз. Біз үшін бұл жоба өте ерекше болды. Бірінші рет америкалық мамандармен жұмыс істедік.

Қазіргі таңда АҚШ жүзуден әлемдегі бірінші ел болып табылады. Сондықтан, біз қазір өте үкен тәжірибеге кенеліп жатырмыз. Біз күшке, жылдамдыққа, көкжиегімізді кеңейтіп, өзімізді жаңа қырымыздан тани бастадық. Жаттығу кестесі елдегідей күніне екі рет жаттығу жасаймыз. Демалыс тек жексенбіде беріледі», - дейді Дмитрий Баландин.

«Үйде жүзу қиын». Баландин карантин кезінде немен айналысып жүргенін айтты

Баландин: Олимпиада алтынына қол жеткізген соң, түнімен ұйықтай алмадым

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер