Теннис

«Ролан Гаррос» жеңімпазы пандемия кезінде супермаркетте жұмыс істеп жүр

«Ролан Гаррос» жеңімпазы пандемия кезінде супермаркетте жұмыс істеп жүр
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылы Франция ашық чемпионатының жұптық сынында жеңімпаз атанған германиялық Кевин Кравиц коронавирус пандемиясы кезінде супермаркетке жұмысқа тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Rsport.ria сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) коронавирустың тарауына байланысты барлық турнирді тоқтатқан болатын.

«Кәсіпқой ретінде арнайы рұқсатнаманың арқасында теннис залында жаттыға аламын, себебі аптасына үш не төрт рет ойнаймын. Бірнеше аптадан бері 450 еуроға супермаркетте жұмыс істеп жүрмін. Әзірше кассада отыруыма рұқсат жоқ. Досыммен бірге азық-түлікті сөрелерге қоямын», - деді Кравиц.



Еске салайық, Кравиц 2019 жылы отандасы Андреас Миспен бірге «Ролан Гарроста» топ жарған еді.

«Ролан Гаррос» турнирі тағы бір аптаға кейінге шегерілді

US Open Нью-Йорктан басқа қалаға ауыстырылуы мүмкін

Джокович COVID-19 індетінен запа шеккендерге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр

Барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды

Спорт жарыстары қашан басталады? Ең жақын күн - 9 мамыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер