Бокс

Коронавирус: 144 жекпе-жек өткізген экс-боксшының жағдайы белгілі болды

Коронавирус: 144 жекпе-жек өткізген экс-боксшының жағдайы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Куба боксының аңызына айналған 77 жастағы Хосе Легра (129-11-4, 49 КО) Испания ауруханаларының бірінде коронавируспен күресіп жатыр, деп хабарлайды ToFight.ru.

Boxingscene.com мәліметінше, Леграның беті бері қараған. Кәсіпқой бокста ол 1964-1973 жылдар арасында жұдырықтасқан. Осы тоғыз жыл ішінде ол 144 жекпе-жек өткізіп, жартылай жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын екі рет иеленген. Боксшы 1963 жылы Кубадан қашып, содан бері Испанияда тұрып жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, Испанияда 223 759 адам коронавирус жұқтырған, оның 23 190-ы көз жұмған.

«Ливерпульдің» экс-бапкері коронавирус жұқтырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер