Велоспорт

Виртуалды «Джиро д’Италия» жарысының 3-кезеңінде «Астана» шабандозы 3-орын алды

Виртуалды «Джиро д’Италия» жарысының 3-кезеңінде «Астана» шабандозы 3-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

25 сәуір күні виртуалды «Джиро д’Италия» жарысының үшінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Спортышлар 3-кезеңде велостанокта 26,9 шақырымды бағындырды. «Астана» велоспортшысы Давиде Мартинелли үшінші үздік нәтиже көрсетті. Евгений Гидич 10-орынға ие болды. Үшінші кезеңде Bahrain–Merida командасының мүшесі Доменико Поццовиво жеңіске жетті.

Виртуалды «Джиро д’Италияның» кезекті кезеңі 29 сәуір күні өтеді. 4-кезеңде спортшылар 25,9 шақырымды бағындырулары керек болады.

Естеріңізге салатын болсақ «Джиро д’Италия» виртуалды жарысының бірінші кезеңінде қазақстандық Алексей Луценко жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер