Хабибтің әкесі коронавирусқа тест тапсырды, нәтижесі әлі белгісіз
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов коронавирусқа тест тапсырды.
Бұл туралы Абдулманап Нурмагомедовтың досы, белгілі комментатор Рамазан Рабаданов хабарлады.
«Абдулманап талдауларды тапсырды. Нәтижесі ертең белгілі болады»,- деп жазды Рабаданов.
Алдында Абдулманап Нурмагомедов пневомониямен ауырып аураханаға түскен болатын.