Басқа

UIPM олимпиадаға іріктеу турнирлерін мамыр айында жариялайды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) сәуір соңында Олимпиада іріктеу турнирлерін өткізу мерзіміне өзгеріс жасамақ деп жазады Olympic.kz.

UIPM 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жаңа іріктеу жүйесін енгізу үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен келіссөздер жүргізуде.

Екі тарап сәуірдің аяғында келісімге келеді деген болжам бар. Кейін жаңа жүйе мен жарыстардың өту мерзімін бекіту үшін UIPM атқарушы комитетінің отырысы өтеді.

Жаңартылған іріктеу айналымы мамыр айында ресми түрде таныстырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер