ММА

UFC: Волкановски Магомедшариповты октагонға шақырды

UFC: Волкановски Магомедшариповты октагонға шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Александер Волкановски промоушнның аралда өткізуді жоспарлап отырған турниріне қатысудан үмітті. Алайда, коронавирус пандемиясы кезінде лига файтерлерінің көбі төбелеске дайын емес. Сол үшін Волкановскидің Макс Холлоуэймен қарымта жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған байланысты Александер дивизионның бірнеше жоғары деңгейлі сарбазын октагонға шақырып, олардың кем дегенде біреуі келісім берер деп ойлайды.

«Егер турнир аралда өтер болса, қайсысың дайын боласыңдар - Макс Холлоуэй, Брайан Ортега, корей зомбиі, Забит Магомедшарипов», - деп жазды Волкановский өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетелік, Волкановски соңғы жекпе-жегін Холлоуэймен өткізіп, оның титулын иемденіп алды. Ал Магомедшарипов мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы басталуына орай, толыққанды жаттыға алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер