Басқа

Доха және Эр-Рияд қалалары Азия ойындарын өткізуге өтінім берді

Доха және Эр-Рияд қалалары Азия ойындарын өткізуге өтінім берді
news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Доха және Сауд Арабиясы астанасы Эр-Рияд 21-ші Азия ойындарын өткізуге өтінім берді.

2006 жылы Катар астанасы Дохада 15-ші Азия ойындары өткізілді, ал Сауд Арабиясы мұндай мультиспорттық бәсекелерді бұрын соңды өткізбеген.

«Азия Олимпиада Одағы 2030 жылғы Азия ойындарын өткізу үшін өтінімдер қабылдағанын қуанышпен хабарлайды. Бұл Азиядағы Олимпиадалық қозғалысқа деген сенімді арттырады және ауқымды спорттық жарыстар өткізудегі беделімізді нығайтады. 19-шы Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында, 20-шы ойындар Жапонияның Нагойя қаласында өтеді», - дейді Азия Олимпиада одағының президенті шейх Ахмад-әл-Фахад әл-Сабах.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер