Басқа

Отандық спортшылар дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге алғыс айтты

Отандық спортшылар дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге алғыс айтты
news-banner7
mobile-news-top

Еліміздің атын әлемдік ареналарда танытып, әнұранымызды асқақтатып жүрген спортшылар қауымы дәл қазіргі қиын кезеңде жұмыста қалып, ел үшін қызмет етіп жатқан мамандарға шынайы ықыластарын жеткізді.

"Отандастарымыздың амандығы үшін өз өмірін қауіпке тігіп жүрген ақ халатты абзал жандар мен әскери қызметкерлерге құрметімізді білдіреміз"- делінген спортшылар үндеуінде

Айбек Нұғымаров, Елдос Сметов, Нұрбақыт Теңізбаев, Александр Винокуров, Мөлдір Мекенбаева, Дархан Нортаев сынды әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен олимпиада чемпиондары отандастарымызды үйде болуға және карантин уақытын тиімді пайдалануға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен танымал спортшылар мен спорт қайраткерлерінің қатысуымен онлайн-сабақтар, жаттығулар және дәрістері қамтылған #бізбіргеміз #алғақазақстан жобасы жүріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер