Қысқы

FIL әлем кубогына әйелдер арасындағы жұптық кезеңді қосуды жоспарлап отыр

FIL әлем кубогына әйелдер арасындағы жұптық кезеңді қосуды жоспарлап отыр
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шана спорты федерациясы (FIL) 2021-2022 жылғы маусымда өтетін әлем кубогіне әйелдер арасындағы жұптық кезеңін де қосуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда шана спорты бойынша жекелей сындар ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Ал жұптық сынға тек қана ерлер қатысады. Халықаралық Олимпиада комитетінің гендерлік теңдік мәселесіне қатысты барлық спорт түрінен ерлер мен әйелдер бірдей болуы керек деген талабының аясында әйелдер спортына да ден қойғанды жөн санаған. Осыған байланысты FIL әйелдер арасындағы жұптық сын бойынша бірнеше семинар-тренингтер жүргізген. Сондай-ақ, қазір аталмыш ұйым осы бағытта келесі қыстан бастап жастар арасындағы әлем кубогына жаңа санатты қосуды көздеп отыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер