Теннис

Федерер ATP мен WTA-ны біріктіруді ұсынды

Федерер ATP мен WTA-ны біріктіруді ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің төртінші ракеткасы Роджер Федерер ATP мен WTA-ны біріктіруді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

«Қызық ... Мен ерлер мен әйелдер теннисін біріктіретін кез келді деп ойлайтын жалғыз адаммын ба? Мен аралас жарыстар туралы емес, ерлер мен әйелдердің кәсіби турларын бақылайтын екі басқару органының (ATP және WTA) бірлестігі туралы айтып отырмын», - деп жазды Федерер.

Федерер көптеген рекордтарға ие. Ерлер арасындағы Үлкен Дулыға турнирлерінде 20 рет топ жарған. Әлемдік рейтингтің көш басында 310 апта орналасқан. Ол 2008 жылғы Олимпиаданың чемпионы. Федерер сонымен қатар Уимблдонды 8 рет жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер