Көптен күткен алғашқы бокс кеші өтеді
![Көптен күткен алғашқы бокс кеші өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202004/201131_fa3fae0cadd7d6269ad9ba2a717864a3.jpg?v=28665098)
25 сәуір күні көптен күткен спорт іс-шарасы өтеді. Никарагуада Bufalo Boxing промоутерлік компаниясы бокс кешін ұйымдастырады.
Кештің басты жекпе-жегінде Робин Самора (15-7, 8 КО) мен Рамиро Бланко (18-7-3, 10 КО) жұдырықтасады. Бокс кешін ESPN Knockout телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Турнирді өткізуге жергілікті денсаулық министрлігі рұқсатын берген. Ал кештің көрермендері арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана ішке жіберіледі.