ММА

Абдель-Азиз клиенттері Нурмагомедов пен Гэтжидің жекпе-жек өткізуіне қарсы емес

Абдель-Азиз клиенттері Нурмагомедов пен Гэтжидің жекпе-жек өткізуіне қарсы емес
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи жуырда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы олардың менеджері Әли Абдель-Азиз мәлімдеді.

– Егер Гэтжи уақытша чемпион атағын жеңіп алса Хабибке қарсы титулдық жекпе-жек өткізе алады. Бұл жігіттер белбеу үшін өмір сүреді. Оларға мен кедергі келтіретіндей кіммін?

Клиентінің арман-мақсаты жолында кедергі келтіретін менеджер не промоутерлер қатарынан емеспін. Егер Джастин Фергюсонды жеңісе, Хабибпен жекпе-жек өткізеді, - деді Әли Абдель-Азиз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер