русский язык
Бокс

Фируза Шарипова: Басты мақсатым Кэти Тэйлорды жеңу

Фируза Шарипова: Басты мақсатым Кэти Тэйлорды жеңу
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы Фируза Шарипова Prosports.kzсайтына берген сұхбатында алдағы жоспарымен бөлісті.

- Жаттығуларыңыз қайда және қалай өтіп жатыр ?

- Әзірге жекпе-жекке толыққанды дайындықты бастаған жоқпын. Себебі жекпе-жек 19 маусымда өтпейтіні айдан анық. Карантин біткен соң дайындығымды бастайтын боламын. Менің басты талабым жекпе-жек алдында екі ай дайындыққа уақытым болу керек. Әзірге жалпы физикалық дайындықтар жасап жүрмін.

- Алдағы жылға жоспарыңыз қандай ?

-Осы жылы Софья Очигавамен реванш өткіземіз. Жекпе-жек жазда өтсе дұрыс болар еді. Кейінірек басқа чемпиондармен жек-жек өткізгім келеді. Нақты жоспар жоқ. Бірақ бір жыл ішінде 3-4 жекпе-жек өткізу керекпін. Басты арманым өз салмағымда абсолютті чемпион болу. Сол үшін өз салмағымдағы чемпион Кэти Тэйлормен жұдырықтасқым келеді.

- Бокстан басқа салада өзіңізді сынап көргіңіз келе ме ?

- Бокстағы мансабымды басқа саламен ұштастыру қиын. Егер киноға немесе жарнамаға түсуге қызықты ұсыныс түссе көре жатармын. Бокстағы мансабымнан кейін кино саласын бет бұрғым келеді. Ал қазіргі сәтте мен үшін бокс бірінші орында.

-Кәсіби боксқа оралуыңызға не себеп болды ?

- Маған менің менеджерім Сергей Завилейский қоңырау шалып, мен үшін өте жақсы ұсыныс бар екенін айтты. Ол Софья Очигавамен реванш өткізіп бере алатынын мәлімдеді. Ал мен ол жекпе-жекті асыға күткен болатынмын. Мен үшін өте маңызды жекпе-жек. Қазіргі кезде Кэти Тейлорға жету үшін барлық мүмкіндігім бар. Түбінде Кэти Тейлорды жеңіп Қазақстаннан шыққан бірінші абсолютті чемпион боламын.

- Неге Очигавамен жекпе-жек сіз үшін өте маңызды ?

- Мен кәсіби бокстағы мансабымды дәл осы Очигаваға қарсы жекпе-жекпен басаған болатынмын. Ол кезде бірінші жекпе-жек болғандықтан мен көп нәрсені білмедім. Ол жекпе-жекте кем дегенде тең нәтиже болды деп ойлаймын. Очигава мене басым түспегендігі анық. Сол үшін қарымта кездесуде оны жеңіп, өз мықытылығымды дәлелдегім келеді.

Естеріңізге салатын болсақ Фируза Шарипова 19 маусымда Қазан қаласында ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жек өткізуі керек болатын.

Айта кетерлігі Фируза Шарипова бокстағы мансабын былтыр аяқтап, осы жекпе-жек үшін боксқа қайта оралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;