Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кестесі жарияланды
![Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кестесі жарияланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202004/201736_29007a0fc195efeaf74b4cf144424004.jpg?v=28642751)
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңдерінің кестесін жариялады.
2020/2021 жылғы маусымға арналған жарыс кестесін ISU атқарушы комитеті түзген.
Конькимен жүгіруден 2020/2021 жылғы маусым, жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңі:
28-29 қараша, 2020 жыл – Минск (Беларусь);
16-17 қаңтар, 2021 жыл – Коллабо (Италия);
13-14 ақпан, 2021 жыл – Хачино (Жапония).