Басқа

FIG көркем гимнастика ережелерін тағы бір жылға ұзартты

FIG көркем гимнастика ережелерін тағы бір жылға ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық гимнастика федерациясының атқарушы комитеті көркем гимнастикаға арналған видеоконференция өткізіп, маңызды шешімдер қабылдады.

Онлайн жиында көркем гимнастикадан 2017-2020 жылдарға арналған ереже мен төрешілер категориясын тағы бір жылға созу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, 2021 жылы көркем гимнастикадан өтетін турнирлерде, оның ішінде, Токиодағы Олимпиада ойындарында спортшылар жекелей сында секіртпе, доп, ұршық, таспамен, топтық сында бес доп, үш шығыршық/екі жұп ұршықпен сынға түседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер