Бокс

Бетербиев Головкин - Альварес жекпе-жегі жайлы айтты

Бетербиев Головкин - Альварес жекпе-жегі жайлы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Боксшы өзі көрген үш үздік жекпе-жекті атады.

- Егер 35 жылда көргенім 5 жекпе-жек ғана десем, оған ешкім сенгісі келмейді. Мэйуэзер–Пакьяо жекпе-жегін қайталаудан көрдім, ал Головкина мен Канело кездесуін тікелей эфирде тамашаладым. Маған жекпе-жек ұнады. Канело мені таңғалдырды деп айта аламын. Содан кейін Тайсон Фьюридің жекпе-жегін залда отырып көрдім, бірақ Уайлдермен кездесуі емес. Мен көрген жекпе-жекте Юьюри Уайлдермен кездесудегідей мықты болған жоқ, - деді Бетербиев.

Бұған дейін Головкиннің бұрығы бапкері Абель Санчес Альвареспен үшінші жекпе-жек өтсе, қазақстандыққа тиімсіз болатынын айтқан еді.

Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

GGG – «Канело»: Үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер