Басқа

IBU биатлоннан жазғы әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады

IBU биатлоннан жазғы әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) маусымның ең маңызды жарыс кестесін шығарды. Сонымен қатар, халықаралық ұйым биатлоннан өтетін жазғы дүниежүзілік біріншілік туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Биылғы маусымның күнтізбе жоспарын дайындауда әлем кубогіне қатысатын команда бапкерлерімен ақылдастық. Талқылау қорытындысы бойынша алғашқы демалыс күндеріне жоспарланған жарыстарды реттеп, Қытайда өтуі тиіс әлем кубогін бір аптаға кейінге шегердік. Бұл спортшылардың 2022 жылы ақпанда өтетін Олимпиада ойындары кезіндегідей жағдайды сезінуі үшін жасалынып отыр. Биатлоннан өтетін жазғы дүниежүзілік біріншілікке келетін болсақ, ол 2020 жылдың 20-23 тамызында Германияның Рупольдинг қаласында өтуі тиіс еді. Қазіргі таңда коронавирус пандемиясына байланысты Германия үкіметінің шемімімен барлық бұқаралық іс-шаралар ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін тоқтатылған. Бұл туралы Халықаралық биатлоншылар одағына Германия шаңғы одағы мен дүниежүзілік біріншілікті ұйымдастыру комитеті хабарлады. Қазіргі таңда жағдайды жіті бақылап, бұл мәселе толық бақылауда. Жарыс туралы нақты ақпарат мамырда жарияланатын болады», - делінген ресми мәлімдемеде.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер