Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне Бэнкс қарсы болған
![Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне Бэнкс қарсы болған](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_61796118e732ec66fe738c1d5d5475af.jpg?v=28667961)
Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің қазіргі жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс украиналық Сергей Деревянченконы шәкіртінің қарсыласы ретінде көргісі келмегенін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Головкиннің Деревянченкомен жекпе-жегі туралы бірде-бір адам айтып жүрген жоқ. Маған бұл жекпе-жекті алғаш ұсынған кезде, маған онша ұнамады - мен бұл туралы баспасөз конференциясында ашық айттым», - деді Бэнкс iFL.tv.-ге берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко 5 қазанда Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер Гарденде жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді (115: 112, 115: 112, 114: 113). Жекпе-жектің нәтижесінде Геннадий Головкин орта салмақтағы IBF және IBO белбеуінің иегері атанды