Күрес

2021 жылы Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

2021 жылы Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2021 жыл 6 - 11 сәуір аралығында Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) сайты ресми жазды.

Турнирдің қай аренада өтетіні белгісіз. Дүбірлі доданы оңтүстік астананың үш спорттық ғимаратының бірі қабылдайды - "Алматы Арена", Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және "Халық Арена".

Еске салайық, 2020 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 5 алтын, 2 күміс және 12 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер