Басқа

Мәдіғали Қарсыбеков: Әлем чемпионатынан бөлек, кубоктік кезеңдер де өтпеуі мүмкін

Мәдіғали Қарсыбеков: Әлем чемпионатынан бөлек, кубоктік кезеңдер де өтпеуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) шорт-тректен әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім шығарды. Бұл әлемде COVID-19 індетінің кеңінен таралуына байланысты жасалған қадам. Осыған орай, шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Olympic.kz сайтына пікір білдірді.

«ISU шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан биылғы әлем чемпионатын өткізбейтін болды. Меніңше, алдағы маусымда Солт-Лейк-Сити (АҚШ) мен Монреалдағы (Канада) әлем кубогі кезеңдерін де кейінге шегерілуі мүмкін. Мұның бәрі 28 сәуір күні өтетін ISU-дың онлайн конференциясында анықталады. Қазақстан конькимен жүгірушілер одағы 4-6 желтоқсандағы әлем кубогінің үшінші кезеңін Нұр-Сұлтанда өткізу туралы өтінім тастағанбыз. Ал 11-13 желтоқсандағы кубоктік кезеңді Қытай тарапы қабылдауға өтініш білдірді. Мұның жауабын күтеміз. Карантинге байланысты Қазақстан командасының дайындық жоспарын толығымен өткіземіз. Жаттығу кезеңі Қазақстандағы спорт базаларында өтеді», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер