ММА

Хабиб: UFC-де төрт жылдан бері үстемдік орнатып келемін

Хабиб: UFC-де төрт жылдан бері үстемдік орнатып келемін
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов Инстаграмдағы парақшасында 2016 жылы ұйымның чемпиондық белбеуін қалай жеңіп алғанын еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осыдан төрт жыл бұрын мен алты жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетіп, белбеуге өте жақын болдым. Бірақ содан кейін тізе жарақатына байланысты спорттан қол үзуге мәжбүр болған едім, ал мына видеода мен лақтырып жатқан спортшы әлем чемпионы атанды.

Қайтып оралдым. Төрт жылдан бері UFC-де үстемдік орнатып келемін. Бұл фактілермен ешкім дауласпайды, кейбір адамдарға ұнайды, бірақ кейбіреулеріне ұнамайды. Бірақ біз алға жылжи береміз», - деп жазды Нурмагомедов өзінің Инстаграмында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер