Қысқы

Биатлоннан төрт дүркін Олимпиада чемпионы мансабын аяқтады

Биатлоннан төрт дүркін Олимпиада чемпионы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Австриялық биатлоншы Доминик Ландертингер спорттық мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы жылдары спортшының денсаулығы нашарлап, 2017 жылы ол омыртқааралық дискке операция жасатқан еді.

2020 жылы Антольц қаласында өткен әлем чемпионатында Ландергергер жеке жарыста қола жүлдені жеңіп алды.

«Мен бұған қол жеткізгеніме ризамын. Өткен маусымға дейін мен бәрі бітті деп ойлаған едім.

Менің үлкен арманым мансабымды абыроймен аяқтау болатын. Антольцтегі медальдің арқасында мен өзімді жеңімпаз ретінде спорттан кетіп бара жатқандай сезініп тұрмын», - деді Ландертингер.

Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Ландертингер - төрт дүркін Олимпиада жүлдегері, 2009 жылғы жаппай старт бойынша әлем чемпионы және әлемнің төрт дүркін жеңімпазы, 17 жеке Әлем кубогының иегері (2-11-5).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер