Басқа

Нысана көздеуден Үндістандағы әлем кубогы кезеңі өткізілмейтін болды

Нысана көздеуден Үндістандағы әлем кубогы кезеңі өткізілмейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) коронавирус індетінің таралуына байланысты әлем кубогінің екі кезеңін өткізбейді.

Нысана көздеуден 5-13 мамыр аралығында Нью-Делиде (Үндістан) өтуі тиіс әлем кубогі кезеңі, сондай-ақ, стенд атудан 20-29 мамырға жоспарланған кубоктік кезең өтпейтін болды.

Сонымен қатар, Әзірбайжан астанасы Бакуде ұйымдастырылатын маусым айындағы әлем кубогі кезеңі де жоспардан алынды.

Айта кетелік, бұған дейін нысана көздеу және стенд атудан Германиядағы турнирлер кейінге шегерілген болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер