Басқа

2005 жылғы гимнастар Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды

2005 жылғы гимнастар Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Токио Олимпиадасы келесі жылға ауыстырылған соң, 2005 жылғы гимнастар Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін алды. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясы мәлімдеді.

FIG ережесі бойынша Олимпиадаға қатысатын гимнастардың жасы 16-дан кем болмауы тиіс. Егер Токио Олимпиадасы биыл өтсе, 2005 жылы туғандар төртжылдық додасына қатыспайтын еді. Гимнастарды Токио ойындарына қатыстыру туралы шешім соңғы аптада өткен FIG отырысында анықталды.

Сондай-ақ, әлемдік ұйым Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналатын әлем кубогы мен құрлықтық турнирлерді ауыстыру жөніндегі жоспарын да талқылады.

Айта кетелік, бүгінде гимнастикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін 324 квотаның 75 пайызы үлестірілді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер