Басқа

Милад Карими: Отадан кейін өнер көрсеткенімде дәрігерлер таңғалды

Милад Карими: Отадан кейін өнер көрсеткенімде дәрігерлер таңғалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті #TeamKZ спортшыларымен сұхбаттасуды жалғастыруда. Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі Милад Карими #ҮйдемізTeamKZ айдарының арнайы қонағы болды. Инстаграм желісіндегі тікелей эфирде гимнастшы оқырман сұрақтарына жауап беріп, спорт жолы туралы әңгімелеп берді.

Карантиндегі уақыт

Жасыратыны жоқ, ұйқыдан түсте тұрамын. Фильм қосып, сүйікті фильмдерімді көремін. Жаттығуымды да тоқтатқам жоқ. Карантин басталатын кезде үйге жаттығу жасайтын біраз асай-мүсейлерімді алып келген болатынмын. Себебі, гимнастшыларға үй жағдайында дайындалу, толық жаттығу жасау қиын, ыңғайссыз.

Маусым туралы

Олимпиада ойындарына жолдама алғанда өзіме бөлек жоспар құрдым. Осы маусым басталғанда жаңа жаттығу бағдарламасына кіріскім келді. Дүниежүзілік біріншіліктен кейін біраз уақыт демалып, клуб үшін өнер көрсеттім. Бұл менің тәжірибемді шыңдай түсті. Кейін жаңа жылдан бастап күнтізбе бойынша жарыстарға ерекше ынтамен дайындыққа кірістім. Әр жарыс сайын жаттығуым қиындай түсіп, бағдарламамды өзгерте бастадым. Осындай қалыппен Олимпиада ойындарына жақсы формада, ең бастысы жарақатсыз барамын деп жоспарлаған болатынмын.

Олимпиада ойындарының шегерілуі туралы

Коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындарын кейінге шегерді. Карантин уақытында осындай шешім қабылдағанына спортшылар қуанышты деп ойлаймын. Қазіргі таңда айға жуық уақыт біз жаттығусыз, жарыссыз отырмыз. Осыдан кейін қалай қалпымызға келетінімді де білмеймін. Буын ауырып, бірқалыпты үйлесімділікті жоғалтудамын. Біз, тіпті жазда да демалмаймынтыз. Қазір белсенді болмағандықтан барлығы кері әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер