Басқа

Халықаралық триатлон федерациясы биылға жоспарлаған екі әлем кубогын өткізбейді

Халықаралық триатлон федерациясы биылға жоспарлаған екі әлем кубогын өткізбейді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық триатлон федерациясының атқарушы кеңесі спортшылардың қауіпсіздігі тексеріп, жағдайға мониторинг жасау мақсатында арнайы видеоконференция ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап

Әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, кеңес әр апта сайын онлайн-жиналыс ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, халықаралық федерация ұйымдастырушы комитет пен құрлықтық конфедерация және де ұлттық федерациялармен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде аталған ұйымдар алдындағы басты талқыланатын тақырып – жарыс күнтізбесіне енгізілетін өзгерістер. Спортшылардың қауіпсіздігі мақсатында атқарушы кеңес осыған дейін кейінге шегегірлген екі доданың өтпейтінін мәлімдеді. Атап айтқанда, 2020 жылы Сарасот-Брадентон мен Жаңа Плимуттта жоспарланған триатлоннан ITU әлем кубогтары өтпейтін болды. Айта кетерлігі, осыған дейін халықаралық триатлон федерациясы барлық доданы 30 маусымға дейін тоқтатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер