ММА

Магомедшарипов таутекемен «спарринг» өткізді (фото, видео)

Магомедшарипов таутекемен «спарринг» өткізді (фото, видео)
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы танымал файтері, ресейлік Забит Магомедшарипов әлеуметтік желіге таутекемен өткізген спаррингі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы коронавирус карантині тіпті осындай қарсылас іздеуге мәжбүрлеп отырғанын айтады.

«Жекпе-жек жоқ кезде, кез келген қарсыласқа разымын. Мына таутеке рекордымды бұза жаздады», деп жазды Магомедшарипов.

Магомедшарипов жалпы 19 жекпе-жек өткізіп, соның тек біреуінде жеңілген. Ал UFC ұйымы аясындағы 6 кездесудің бәрінде сенімді түрде жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер