Басқа

Халықаралық триатлон федерациясы Олимпиада ойындарына қатысты телеконференция өткізді

Халықаралық триатлон федерациясы Олимпиада ойындарына қатысты телеконференция өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық ұйымның бастамасымен өткізілген онлайн-жиынның күн тәртібінде Олимпиада және Паралимпиада ойындарының квалификациялық рейтингі басты мәселе ретінде талқыланды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындары бір жылға кейінге шегерілгеннен кейін жарыстар кестесінде өзгерістер енгізіліп, Олимпиадалық рейтингтің ережесі қарастырылады. Алайда, қатысушы тараптың бәрі спортшылардың қауіпсіздігін ескере отырып, олардың қауіпсіз болатынына кепілдік бермейінше рейтингтің жаңартылмайтынын бірауыздан қолдайтынын мәлімдеді. Телеконференция кезінде барлығы алты кездесу ұйымдастырылды. Ал Оңтүстік және Солтүстік Америкаға арнайы ағылшын, испан тілдердінде өткізілді. Онлайн-жиынға барлығы 87 ұлттық федерацияның президенті қатысып, Халықаралық триатлон федерациясының президенті Марисоль Касадоға сұрақтарын қойып, жауап алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер