Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте төрт саты жоғарылады
![Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте төрт саты жоғарылады](https://prosports.kz/upload/news/content/201736_16209444aa6f15606b0bfae5d69424d0.jpg?v=28651791)
Халықаралық үстел теннисі федерациясы спортшылардың сәуір айындағы жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған рейтингте қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко 46-орынға (5250 ұпай) жайғасқан. Отандасымыз бір айда төрт саты жоғарлап отыр. Бірақ Айдос Кенжеғұлов керісінше төрт саты төмендеп, 378-орынға тұрақтады.
Қыздар арасында Анастасия Лаврова рейтингте төрт саты көтерілді. Ол қазір 166-сатыға жайғасқан. Ал Зәуреш Ақашева 171-орында тұр.