Қысқы

Екатерина Айдова: Карантиндегі бос уақытта ерекше идеяларыңды жүзеге асыруға болады

Екатерина Айдова: Карантиндегі бос уақытта ерекше идеяларыңды жүзеге асыруға болады
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус індеті өршіген соң елде төтенше жағдай жарияланды. Спорт бәсекесі тоқтатылып, спортшылар үйлерінде қауіпсіздік үшін сақтық шарасын сақтанып отыр.

Конькимен жүгіруден ұлттық құрама мүшесі Екатерина Айдова Olympic.kz сайтына карантин уақытында немен айналысып жатқанын айтып берді.

"Карантиндегі бос уақыт - ерекше идеяларыңды жүзеге асырып, кеңістігіңді кеңейтуге берілген таптырмас уақыт. Күнделікті өмірде жаттығу мен жарыс кестесі тығыз болғандықтан өзіңді дамытуға уақыт жете бермейді. Қазір ол олқылықтың орнын толтырып, бос уақытымызды пайдалы өткізгеніміз абзал.

Мәселен, карантин уақытында оқырмандарға "Сталкер", "Адвокат дьявола", "Особо опасен", "Побег из Шоушенка" мен "Зеленая миля" фильмдерін көруді ұсынар едім. Сонымен қатар, кітап оқуға да ештеңе кедергі болмас. Мен әдетте көркем әдебиетті құп көремін.

Ал жаттығуға келетін болсақ, бапкерлер тапсырма бергеніндей күнделікті жаттығуымызды тоқтатқан жоқпын. Үй жағдайында мүмкіндігінше барлық жаттығуымды жасауға тырысып бағудамын", - дейді Екатерина Айдова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер