Басқа

UIPM жаңартылған жарыс кестесін жыл соңына дейін жариялайды

UIPM жаңартылған жарыс кестесін жыл соңына дейін жариялайды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясының (UIPМ) президенті Клаус Шорман COVID-19 індетіне байланысты кезекті рет мәлімдеме жасады. Ол спортшыларды шыдамдылық танытуға шақырып, жыл соңына дейін жаңартылған жарыс кестесі жарияланатынын айтты.

«Қадірлі спортшылар мен жанкүйерлер! COVID-19 індетінің кеңінен таралуы әлемдік спорттың қарқынын төмендетті. Қазіргі бессайыста өткізген 58 жыл ішінде мұндай қиын жағдайды алғаш рет көріп тұрмын. Өмір бір орында тұрып қалғандай әсер береді. Спортқа да індеттің салқыны тиіп жатыр.

Дегенмен, бұл жағдай бізді алшақтатпай, керісінше, біріктіріп жатыр. Бар әлем пандемияны жеңу үшін күш біріктіруде. Осы орайда, UIPM барлық ұлттық федерациялармен кеңесіп, 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған жаңартылған жарыс кестесі бекітетінін айтқым келеді», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер