Велоспорт

UCI ірі жарыстардың жаңа күндерін атады

UCI ірі жарыстардың жаңа күндерін атады
news-banner7
mobile-news-top

UCI ірі жарыстардың жаңа күндерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тур де Франс» веложарысының жаңа күндері 29 тамыз - 20 қыркүйек арасы. Тиісті шешім Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) бейнеконференциясында айтылды.

Сонымен қатар, басқа ірі жарыстардың өтетін күндері белгілі болды.

Барлық велосипед жарыстары қазіргі таңда тоқтап тұр, бұл режим бір айға - 1 шілдеге дейін, ал WorldTour жарысы үшін - 1 тамызға дейін ұзартылды.

Велоспорт бойынша 2020 жылғы әлем чемпионаты жоспарланған 20-27 қыркүйек аралығында өтеді, және бағдарлама да өзгермейді.

«Джиро д’Италия» велоспорттан әлем чемпионатынан кейін және «Испанияның Вуэльтасынан» кейін өтеді.

22-23 тамызда велоспорт бойынша ұлттық чемпионаттар өтеді.

Велоспорт бойынша Еуропа чемпионаты өткізіледі.

Мүмкіндігінше, барлық маңызды велосжарыстар осы жылы өтуі керек, сол үшін олар үшін күнтізбеде бос күндер іздестіріліп жатыр. 15 мамырда UCI әйелдердер арасындағы велосипед жарыстарының күнтізбесін қарайды.

Естеріңізге сала кетейік, барлық ірі веложарыстар коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер