Басқа

Дархан Асаділов: Қарсыластарым әр жарыс сайын жаңа тактика ойластырды

Дархан Асаділов: Қарсыластарым әр жарыс сайын жаңа тактика ойластырды
news-banner7
mobile-news-top

#ҮйдемізTeamKZ жобасының қонағы болған каратеші Дархан Асаділов эфир барысында көрермен сұрақтарына жауап беріп, қарсыластарына, олардың дайындық жұмыстарына тоқталды. Спортшының айтуынша, сенің салмағыңда өзіңнен басқаның бәрі татамиде қарсылас.

– Рейтингте көш бастаған соң, мен барлық спортшының негізгі қарсыласына айналдым. Халықаралық оқу-жаттығу жиындарында қарсыластарым басқа тактикамен, ал жарыста мүлдем басқаша тактика қолданатын. Осылайша, қарсыластарым әр жарыс сайын жаңа тактика ойластырды.

Мұны бір жағынан сақтық деп қабылдасаң, екінші жағынан нағыз спортшының қолданатын әдісі. Себебі, спортшы деген әрдайым ізденісте жүріп, осал тұсын ешкімге көрсетпеуі керек. Керісінше, қарсыласының осал тұсын тауып, соған қарсы айла тәсіл ойластыруы тиіс. Өмірде бір орында тоқтап қалуға болмайтыны секілді, спортта да бір орында тұруға болмайды, - дейді Дархан Асаділов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер