Қысқы

Әділ Ғалиахметов: Онлайн емтихан тапсыруға дайындалып жатырмын

Әділ Ғалиахметов: Онлайн емтихан тапсыруға дайындалып жатырмын
news-banner7
mobile-news-top

COVID-19 індетінің әлемге таралуы көптеген спорт түрлеріндегі ірі жарыстарды кейінге қалдырды. Негізінен, жазғы спорт түрлеріндегі маусым тұтастай өзгерді.

Ал қысқы спорт түрлерінде әлем кубогының соңғы кезеңдері өткізілмеген болатын. Мәселен, шорт-трекшілер биылғы әлем чемпионатынан сырт қалды. Өйткені, ISU коронавирусқа байланысты Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатын ұйымдастырған жоқ. Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі Әділ Ғалиахметов карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын айтып берді.

- Біздің маусым аяқталар тұста коронавирус өршіп кетті. Сол себепті, әлем чемпионаты өтпей қалды. Әрине, бар әлемде болып жатқан жағдайға түсіністікпен қараймыз. Өйткені, денсаулық қашанда бірінші орында. Карантин кезінде жақындарыма үй шаруасына көмектесіп жүрмін. Арасында жаттығу жасаймын. Биыл жоғары оқу орнын тәмамдаймын. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша диплом аламын. Қазіргі таңда практикалық жұмыстарды онлайн түрде тапсырып жатырмын. Бос уақытымда кітап оқып, білімімді арттыруға тырысамын, - дейді Әділ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер