Басқа

Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирі шілдеге дейін шегерілді

Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу турнирі шілдеге дейін шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қытайда басталған коронавирус пандемиясы кесірінен спорттық жарыстар. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 2020 жылдың сәуір, мамыр және маусым айына дейінгі жарыстарды кейінге шегерді деп жазады Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бірнеше айдан бері COVID-19 індеті бүкіл әлемді аяғынан тік тұрғызды. Спортшыларды, федерациялар мен семсерлесу спорты жанкүйерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен өз елдеріңіз ұсынған нұсқаулықтарды орындауға шақырамын. Халықаралық Олимпиада комитеті Токио ойындарының мерзімін ауыстырған соң, FIE атқарушы комитеті бірқатар шешім қабылдады», - делінген FIE президенті Алишер Усмановтың жазбасында. Әлемдегі ахуалды ескере отырып, FIE сәуір, мамыр және маусым айларына жоспарланған турнирлерді өткізбейді. 2020 жылдың наурыз айына дейінгі нәтижелер мен іріктеу сындарындағы ұпайлар сақталады. Олимпиадаға іріктеу турнирлері қайта басталған соң, рейтинг те іске қосылмақ. Ерлер мен әйелдер араындағы әлем кубогінің төрт кезеңі кейінге шегерілді. Аталған бәсекелер коронавирусқа қатысты жағдай реттелген соң өткізілетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер