русский язык
Әлем футболы

«Севильяның» атақты ойыншысы коронавирустан жазылып шықты

«Севильяның» атақты ойыншысы коронавирустан жазылып шықты

«Севилья» клубының экс-қақпашысы Андрес Палоп коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қиын күндерді бастан кештім. Бірақ қазір коронавирустен емделдім деп айта аламын, себебі соңғы нәтижем теріс болып шықты. Мен үйдемін. Медицина қызметкерлеріне, тазалықшылар мен аспаздарға алғысым шексіз», - деп жазды Палоп Instagram-аккаунтына.

Палоп футболшы ретінде 2005-2013 жылдар аралығыда испаниялық «Севилья» намысын қорғаған. Қақпашы севильялықтар сапында екі мәрте Испания және УЕФА кубоктарын жеңіп алған. Одан бұрын «Валенсияда» ойнап, Испанияның екі дүркін чемпионы атанған, сондай-ақ УЕФА кубогын бір рет ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;